Жаңарған Конституция – жаңа кезең бастауы

Жаңа Конституция жобасы – елдің болашағына бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын. Құжатта адам құқықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелеріне басымдық берілгені көңіл қуантады. Бұл өзгерістер халықтың сұранысына жауап беріп, қоғамдағы сенімді арттыруға ықпал етеді.

Әсіресе, заң үстемдігін күшейту, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және ашықтық қағидаттарын бекіту — билік пен халық арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді. Әлеуметтік әділеттілікке, тең мүмкіндіктерге және әлсіз топтарды қорғауға бағытталған нормалардың енгізілуі қоғамның тұрақты дамуына негіз болады.

Сонымен қатар, реформалар азаматтың рөлін күшейтіп, әр адамның ел тағдырына бейжай қарамауына жол ашады. Себебі мықты мемлекет — белсенді қоғамнан құралады. Сондықтан жаңа Ата заңды елдің жаңаруына серпін беретін, болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалған тарихи қадам деп қабылдаймын.

Ернар АХМЕТҚАЛИЕВ,

Жанбай шекара бөлімшесінің қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT