Исатай ауданы, Жанбай ауылындағы №135 сайлау учаскесі бойынша шалғайдағы дауыс берушілер үшін тасымалдаушы жәшіктермен дауыс беру ұйымдастырылған.
Дауыс беру басталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясының бөлінген мүшелері аталған тасымалдаушы жәшікпен өз бағыттарында жолға шықты.
Оның бірі - "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Жаңаталап цехы. Мұнда цех бойынша бір жерде сайлаушыларға арналып дауыс беру орны жабдықталған. Сөйтіп, аудан әкімін сайлауы күні ауысымдық жұмыста тұрған мұнайшылар үшін өз таңдауын білдіруге толық жағдай жасалынды. Нәтижесінде сағат 8.00-ден бастап сағат 11 аралығында аталмыш кен орнында болған тасымалдаушы жәшікпен осыннан тіркелген 48 сайлаушының 47-сі таңдаған үміткерлеріне өз дауыстарын берді.
Ал, №135 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Раиса Такенованың айтуынша, Обалы, Манаш, Мыңтөбе бағыты бойынша тіркелген 21 сайлаушыны қамту ға жіберілген тасымалдаушы жәшік жердің шалғайлығына байланысты кешкісін ғана оралмақшы.