«ЖАЙЫҚМҰНАЙГАЗ» БАСҚАРМАСЫ ҮЗДІК БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Isatai Quiz» ойындарының финалдық сайысы өткізілді. Осыған дейін өткізілген тартысты ойын нәтижесінде ақтық сынға 9 құрама жолдама алды.

Күнтізбеге сәйкес жоспарлаған күні финал өтіп, оған қатысқан 8 құрама бақ пен  бабын қатар сынады. Атап айтсақ, «Жайықмұнайгаз», «Тұщықұдық» әкімдігі, «Халық банк», «Аққыстау орта мектебі», «Ш.Шәріпов атындағы саз мектебі», «Жалын» мәдениет үйі, «Аудандық аурухана», «Дербес  бөлімдері»  құрамалары қатысты.

Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп, сұрақтарға тапқырлықпен тез әрі шапшаң 30-60 секундта жауап беруден бөлек, логикамен де сыналады. Жарыстың орташа ұзақтығы – 2-2,5 сағат. Интеллектуалдық алаңда шамамен 35 сұрақ қойылды.

Басты мақсаты  – жастардың ой-өрісін, білімін жетілдіру болса, әрі бос уақытын тиімді өткізуге себеп болары анық.

Осылайша, өз мәресіне жеткен тапқырлық пен тартысты ойын нәтижесінде 3 орынды «Тұщықұдық» әкімдігі иеленсе, «Дербес бөлімдері» құрамасы 2 орынды місе тұтты, ал үздік болып «Жайықмұнайгаз» басқарма құрамасы танылды. Құрама арасынан көзге түсе білген Ерғанат Балмурзин, Рауан Бейсен, Арайлым Сақыпова сынды үздік ойыншылар да алғыс хатпен марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.

                                                                        

Сағыныш САЙЛАУБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT