Жалпыхалықтық ашық диктант өткізілді

Кеше «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республикалық жалпыхалықтық диктант Исатай ауданы бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан халқы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала мамандары, мұнайшылар, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары, зейнеткерлер, жастар өкілдері, барлығы 3578 адам қатысып, «Рухани жаңғыру» тақырыбында латын қарпімен диктант жазды. Барлығы 14 орында(мектептер, кен алаңдары, аудандық кітапхана, «Нұр Отан» партиясы аудандық ғимараты) өткізілген диктант жазу шарасына қатысушылар диктант мәтінін аудиожазба арқылы тыңдай отыра жазып, латын қарпін білу деңгейін тексеруге мүмкіндік алды. Диктант қорытындысы мамандардың тексеріп, жариялануынан кейін айтылатын болады. Бір ескерерлігі, тұрғындар арасында латын негізді қазақ тілі әліпбиін білуге деген ынта-жігер, құлшыныс жоғары болды.

Саябек ШАГИРОВ,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521