«Жалын» би ансамблі екі бірдей республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Бүгін дарынды балалар мен жасөспірімдер арасында екі бірдей республикалық өнер байқауы мәресіне жетті.

«Ұлы Жеңіске тағзым» және «Жарқын жол» атты онлайн түрде өткен қос өнер байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы өнерлі өрендерден құралған бишілер ансамблдері қатысты.

198295206_1351611061899280_8877082953697941643_n

Аудандық «Жалын» мәдениет үйіне қарасты «Жалын» би ансамблі ұжымы да бұл сында бақ сынап, нәтижесінде қазылар құрамының шешімімен қос байқаудың да бас жүлдесін қанжығалады.

c145cd53-b6d2-4225-bc2b-07791bfc0b66

- «Жалын» би ансамблі ұжымы күні кеше, яғни биылғы жылдың мамыр айының 1 жұлдызынан бастап құрылды. Жақында осындай республикалық байқауға қатысуға ұсыныс түсті. Азғантай уақыттың ішінде бар күш-жігерімізді салып, осы қос республикалық өнер сайысында бақ сынайтын болып шештік. Ұжымымыз талантты, дарынды өнерлі балаларға толы деп айта аламын. Соның дәлелі болар, бүгінде қос байқаудың бас жүлдесін иелендік, - дейді қуанышты хабармен бөліскен «Жалын» би ансамблі ұжымының көркемдік жетекшісі Таңшолпан Мұғау.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521