«Жалын» бишілер тобы республикалық байқаудан бас жүлде иеленді

Өткен аптада ауданымыздағы «Жалын» би ансамблінің бишілері Алматы қаласында өткен республикалық «Күншуақ» балалар мен жасөспірімдер арасындағы фестиваль байқауынан олжалы оралды.

Байқауға үлкен және орта топ би үйірмесінің оқушылары қатысып, алты хореографиялық жанр бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде, төрт бас жүлде және екі бірінші орынды иеленді. Бұл байқауға Орал, Ақтөбе, Павлодар, Алматы қалаларынан да бишілер қатысқан болатын.

39afb998-8518-457f-8f54-5f708a7f0706

Би үйірмесінің жетекшісі Таңшолпан Мұғау: «Бұл байқауға тынбай дайындалдық. Оқушыларымның жүлделі ораламыз деген талпынысы зор болды»,-деді ол бізбен болған қысқа әңгімесінде.

Айта кетейік, бұл би тобының құрылғанына небәрі бір жыл ғана уақыт өтті. Сондай-ақ мәдениет қызметкерлері қолдау білдірген аудан әкіміне, аудандық білім бөлімінің басшысына, "ЖайықМұнайГаз" МГӨБ басшылығына алғыстарын білдірді.

                                                                                            Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз