«Жалын» командасы жеңімпаз атанды

Бүгін Исатай аудандық музейінде музей қызметкерлерінің  бастамасымен «Музейлік квест» зияткерлік ойыны өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Музейлік квест» ойынының негізі мақсаты - өскелең ұрпақтың зияткерлік деңгейін арттыру, өлкенің тарихын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жастар арасында тарихи жәдігерлерге деген қызығушылықты арттыру.

3d707d73-878a-4d48-a364-bd42bfc6e78f

Ой жүйріктігі мен білімдері сыналатын зияткерлік ойынға аудандық «Жалын» мәдениет үйінің жас мамандарынан құралған «Жалын» және аудандық жастар ресурстық ортылығы атынан «Жалынды жастар» атты қос команда қатысты. Сондай-ақ аталмыш ойынға аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас мамандары Саябек Шагиров, Марат Жұмабеков және Ш.Шәріпов атындағы саз мектебінің директоры Ербол Ақтанов қазылық етті.

6add7a2d-afc7-4681-a9e0-ac4138a659db

Ойынның шартына сәйкес, команда мүшелеріне Исатай Тайманұлына және музей ғимаратында орналасқан тарихи жәдігерлерге қатысты сауалдар қойылып, әр сауалға нақты әрі шапшаң жауап беру жүктелді.

153372ae-fd13-4972-83a1-62aa441ce83a

Ойын нәтижесінде жасырылған сұрақтың барлығында тапқырлық пен шапшаңдық танытқан «Жалын» командасы ойынның жеңімпазы атанып, «Үздік команда» атағын жеңіп алса, «Жалынды жастар» командасы Алғыс хатпен марапатталды.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521