«ЖАЛЫН» ОРКЕСТРІ «халықтық» атағын қорғап қалды

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі жанындағы ұлт-аспаптар оркестрі «Халықтық» атағын қайта қорғады, деп хабарлайды "Naryn tany" газеті.

Оркестрдің саз ұжымын тәрбиелеуде және музыкалық репертуарды таңдап оркестрдің орындау шеберлігін жоғары деңгейге көтеруде ең басты рөл атқаратын осы оркестрдің  көркемдік жетекшісі Ербол Ахтанов және бас дирижер  Зоя Насиханованың еңбегі зор.

-Айта кетейік, бұл оркестр 2012 жылы құрылды және сол жылдың қараша айында атағын қорғаса, одан бөлек 2018 жылы қазан айында  аудандық «Жалын» мәдениет үйі жанынан құрылған ұлт-аспаптар оркестріне «Халықтық» атағы берілген болатын.Өз сара жолынан таймай, биыл да жақсы нәтиже көрсете білді. Бүгінгі күні аудан оркестрі өз жұмысын жалғастырып, өнерді  өркендетуге сүбелі үлес қосуда. «Халықтық» атағын алғанына 10 жыл болсада әлі күнге дейін штаттық бірлігі берілмеген. Қазақ халқының мұрасына айналған ауданның «Халықтық» ұлт аспаптар оркестрі кейінгі ұрпаққа аманат боп жалғасатыны сөзсіз.Сондықтан, бұл өнерге басымдық бұрған жөн,-дейді аудандық «Жалын» мәдениет үйінің әдіскері Айымгүл Машаева.

Сонымен қатар Атырау қаласында Берік Қорқытов шығармашылығына арналған «Шынайы шымылдық» халықтық театрлар мен драма ұжымдарының облыстық фестивалі өтті.Бұл фестивальге «Жалын» халық театры ұжымы қатысып, «Жарайсың,бозторғайым» атты комедиясын сахналап, алғыс хатқа ие болды.Одан бөлек, күні кеше облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы  аудандық «Жалын» мәдениет үйі жанындағы ұлт-аспаптар оркестріне «Халықтық» атағын қайта берілгенін хабарлады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521