«Жалында» қайырымдылық кеші өтеді

Ертең аудандық «Жалын» мәдениет үйінде «Үмітің үзілмесін» атты қайырымдылық кеші өтеді.

Жақында ғана құрылған «Алтын тұғыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін шара мүмкіндігі шектеулі жандарға арналмақ. Ауданда алғаш рет қолға алынып отырған кештің мақсаты - өмірге құштар жандардың жанына жылу, көңіліне қуаныш сыйлау.

– Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі болғанымен, алдына мақсат қоя алатын, арманшыл, жігерлі азаматтар жоқ емес. Біздің көздегеніміз - оларға рухани жағынан қолдап, оларға құрметімізді білдіру. Қоғамға деген оң көзқарастарын қалыптастыру. Қонақтарымыздың ішінде көп балалы жас ана да бар, - дейді қоғамдық қор жетекшісі Арай Қалиева. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық кеште Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық Қазақ драма театры әртістері мен Н.Жантөрин атындағы облыстық филормония әншілері өнер көрсетеді. Кешті облысымыздың айтыскер ақыны Шынарбек Қабиев жүргізеді.

С.ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521