«Жалында» дәрігерлермен сұхбаттастық

«Қайта шапқан жау жаман» қатерлі індет енді қайтып келмей-ақ қойсын.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ», егер келе қалған жағдайда Исатай аудандық орталық ауруханасы медициналық бетперделер, қажетті дәрілер, пульсоксиметр, тыныс алу аппараттары, оның ішінде коронавирусқа қарсы препараттар қорымен толықтай қамтылған ба?

Осы жайлы және індет жайлаған қиын кезеңде жан аямай тер төккен ақ халаттылардың еңбегін әңгімемізге арқау ету бағытында аудандық «Жалын» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Исатай аудандық орталық аурухана директоры Сәулебай Жайықұлы мен емхана ісі бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Сержан Тұрсыметұлымен сұхбаттастық.

Мамандармен сұхбатымыздың тағы бір мақсаты, тұрғындарға аудандық аурухананың қазіргі жағдайы мен алдағы дайындығын түсіндіріп, сонымен қатар әлеуметтік сақтық шараларды сақтауға шақыру болды.

Адал еңбегінің арқасында ел алғысын арқалаған қазіргі уақыттағы қарусыз майданның қаһармандары елде індет жайлағалы қауіпке басын тігіп, уақытпен санаспай, науқастарды аурудан арашалау үшін тер төкті. «Ашығын айту керек, індет әлі іргемізден алыстаған жоқ, әлі сынақ үстіндеміз». Осылай деген мамандар тұрғындарды сақтық ережелерін сақтауға шақырды. Басқа да сұрақтарымызға тұшымды жауап беріп, бізбен емен-жарқын тілдескен дәрігерлерімізге, мейірбикелерімізге, кіші медицина қызметкерлеріне төзім мен күш-қуат тілейміз.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген бар. Бәрін дәрігерлерге ысырып тастамай, өзіміз де аурудың алдын алып, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, карантиндік режимді сақтап жүрсек, сонда ғана ауруға төтеп бере аламыз.

Ұлан МЕҢДІҒАЗИЕВ,

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінің қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521