"Жалында" -жаңа басшы

«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен Шагиров Саябек Жаныбекұлы аудандық «Жалын» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны басшысы болып тағайындалды.

Ол 1977 жылы 25 ақпанда қазіргі Х.Ерғалиев ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша 1998 жылы бітірген.

Еңбек жолында аудан орталығындағы Абай атындағы, қазіргі Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай орта мектептерінде мұғалім, аудандық білім бөлімінде жетекші маман, Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары, аудандық спорт, туризм, жастар, сондай-ақ, аудандық дене шынықтыру бөлімдерінде бас маман, аудандық білім бөлімінде бөлім бастығы, Атырау облысы Білім саласындағы бақылау департаментінде жетекші маман, Исатай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. 2019 жылдың қарашасынан бастап осы уақытқа дейін аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келді.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT