«Жалынға» жаңа басшы тағайындалды

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінің жаңа басшысы тағайындалды.

Исатай аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ибрагимовтің бұйырығына сәйкес Қамажай Зайнова «Жалын» мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны ұжыммен таныстырған аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан директордың қызметіне сәттілік тіледі.

tag-kam

– Биыл ауданымыз үшін ерекше жыл болды. Фариза апамыз бен Нарынның Наркескені Нұралы ақын, сондай-ақ, Нариман Үлкенбаев ағамыздың 80 жылдығын тойладық. Осы және басқа да жоғары деңгейде өткен көпшілік шаралар мәдениет саласының, оның ішінде, аудандық «Жалын» мәдениет үйі ұжымының жұмыла жасаған жұмысы нәтижесінде көптің көңілінен шықты, - деген аудан әкімінің орынбасары бұған дейін мекеме директорының міндетін атқарып келген Ыбырай Мұхтаровқа ризашылығын білдіріп, басшылық тізгінін қолына алған Қамажай Зайнованың жұмысына жеміс тіледі.

Ал, аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ибрагимов жаңа директордың конкурстық негізде таңдалғанын атап, оны тағайындау жөнінде бұйрықпен таныстырды. Бұрынғы басшыға белсенділігі үшін алғысын айтып, жаңа директор Қамажай Зайнованың қызметіне сәттілік тілеп, сенімін білдірді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521