«Жалынның» жаңа басшысы - әмбебап фитнес-жаттықтырушы

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйіне жаңа басшы келді.

«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен Нақыпбекова Шара Темірланқызы аудандық «Жалын» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды.

Нақыпбекова Шара Темірланқызы 1977 жылы 25 мамырда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987-1995 жылдары А.В.Селезнева атындағы Алматы хореография училещесін, 1999-2004 жылдары «Құқтану» мамандығы бойынша Қазақ Ұлттық Әл-Фараби атындағы университетте білім алған. 2017-2019 жылдары Қазақ қыздар педагогикалық университетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығында (Бакалавр) білім алып, оны қызыл дипломмен бітірген. 1995-1996 жылдары «Салтанат» мемлекеттік ансамблінде, 1994-2000 жылдары «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде, 2000-2003 жылдары «Алтынбуби» би ансамблдерінде солист, 2009-2020 жылдары «Кербез-Гүлдер» би ансамблінде көркемдік жетекші, 2013-2016 жылдары Алматы қаласындағы «Оқушылар сарайында» педагог-хореограф болып еңбек еткен.

2017 жылдан осы кезеңге дейін Қазақстан Қарулы Күштері жанындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» балалар-эстрада би ансамблінің көркемдік жетекшісі болып жасөспірімдерді би өнеріне баулыды.

Еңбек жолында қазақ мәдениеті мен өнеріне қосқан үлестері үшін «Қазақ өнерінің қайраткері» медалімен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің Алғыс хатымен, бірнеше конкурстардың дипломдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Хореграфия Одағының мүшесі. Шәкірттері 2000 жылы Алматы қаласында өткен Ш.Жиенқұлова атындағы жас таланттардың республикалық байқауының жеңімпазы, Ұлыбритания, Араб әмірліктері, Германия, Түркия, Қытай, Ресей, Украина, Әзербайджан, Греция елдерінде өткен фестиваль-конкурстардың лауреаты, Америка құрама штаттарының Лос-Анжелес қаласында өткен, 52 мемлекет қатысқан Бүкіләлемдік өнер байқауының алтын медаль иегері.

Шара Темірланқызы 14 бағыт бойынша функцианалды әмбебап фитнес- жаттықтырушы. Жаңа басшының алдағы мақсаты ауыл мәдениетін көтеру арқылы жас таланттарды таныту, жан-жақты өнер иелерін үлкен сахнаға шығару.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521