«ЖАНҰЯ ЖӘНЕ БАЛА» ІС- ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алу, болдырмау бағытында қолға алынып келе жатқан жұмыстар аз емес. Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 27-30 наурыз аралығында өтіп жатқан екі бірдей шара да осыны көздейді.

Оның алғашқысы - «Жанұя және бала» жедел профилактикалық іс-шарасы кезіндегі оқушылармен түсінік жұмыстары. Аталмыш шараны тиісті мамандар талапқа сай ұйымдастырып, Аққыстау және Өркен орта мектептерінде 8-11 сынып оқушыларымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат – бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын сексуалдық сипаттағы қылмысқа жол бермеу және оның алдын алу. Отбасында тәрбиеленуші балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және ескерту, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Осыған орай, жергілікті полиция қызметі оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу профилактикасы жөнінде түсіндірме жұмыстары арқылы жеткізді. Қатысушы оқушылар тарапынан болған сұрақтарға түсіндіру бағытындағы жауаптар берілді, ой-пікірлер тыңдалды.

Аталмыш жедел профилактикалық іс-шара кезіндегі екінші шара ауданымыздағы қолайсыз отбасылары есебінде тұрған тұлғалармен профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізіп әрі тексеруге арналды. Оны жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Рима Қарағойшиева жауапты маман ретінде жіті бақылауда ұстауда екен.

- Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деп есептейміз,-дейді ол.

                                                                                                                                   

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521