Жаңа заман мұғалімі қандай болуы керек?

Жуырда аудандық білім бөлімінің жоспарына сай білім сапасын көтеру мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұнында қазақ тілі, әдебиеті пәндерін оқыту негіздері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуға қатысты түйінді мәселелердің шешімін табу, таратуға тұрарлық идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу бағытында өткен семинарда қазіргі заман талаптарына сай сабаққа қойылатын талаптардан бастап, дәрісті жоспарлау, оқыту мен бағалаудың өзара байланысы, заманауилығы мен жаңашылдығы, тапсырмалардың негіздемесі, критериальды бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәрізді өзекті мәселелер ортаға салынды.

Семинар барысында мұғалімдер сабақты жоспарлау мен өткізуге қатысты тиімді әдістер мен тәжірибелерді үйренумен қатар нақты оқу мақсатына жетуге септігін тигізетін тиімді тәсілдер мен құралдарды пайдалану жолдарын меңгерді. Сондай-ақ жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуға қатысты түйінді мәселелер талқыланып, өзара тәжірибе алмасты.

Гүлшат ХИСМЕТУЛЛИНА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521