Жанайқайымызға кім құлақ түреді?

Қолыма еріксіз қалам алуға мәжбүр болдым. Оған төмендегі жағдай себеп болып отыр. 

Өздеріңізге белгілі, аудандық «Нарын таңы» газетін аптаның әр төртінші күні, яғни, бейсенбі күні тағатсыздана күтіп отырамыз.

Осы газетіміз бұрындары сол шыққан күні, көбіне жұма күндері қолға тиетін еді. Соңғы мезгілдері сенбі, жексенбі, тіпті дүйсенбі күні, ішіндегі хабарландырулар, қадеге шақырулар әбден ескіріп кеткесін келетін болып жүр. Оған да қанағат етіп жүр едік.

Енді 8-ші наурыз күні шыққан газет, бүгін 13-ші наурыз, әлі қолымыз-ға тиген жоқ. Байланыс бөлімшесінен сұрасақ, газет қала жақтан аудан орталығына жеткізіліп, жұма күні, яғни, 9-шы наурыз күні үй-үйлерге таратылып берілген. «Сонда бізге газет неге жетпей жатыр?» десек, олар бізге: «Аққыстаудан Жанбай, Нарын, Зинеден, Исатай ауылдарына апаратын көліктің реті болмай тұр, бүгін түс қайта келмесе» деген уәжін жеткізді.

Осы мен түсінбеймін, аудандық пошта байланысы торабындағыларға, осылай бір-біріне сілтеп немесе көліктің жоқтығын пайдаланып, еш қимылсыз жата бере ме, сіздер халыққа қызмет көрсетуші мекеме емессіздер ме?! Қарекет керек ғой. Бұл менің пікірім емес, бүкіл баспасөзге жазылушы исатайлық оқырмандардың жанайқайы деп түсінерсіздер деп ойлаймын.

Мұстажап АЯШЕВ,

Жанбай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521