Жанашырлық – жанға дауа

 

2025 жыл –Жұмысшы мамандықтарының жылы. Бұл – көзге көп көрінбесе де, қоғам тіршілігінің тұтқасын ұстап тұрған қарапайым еңбек адамдарының жылы. Солардың бірі – мейіргер мамандығы. Ақ халатты абзал жандардың елеусіз ерлігінің ең жарқын көрінісі де осы – мейіргерлердің күнделікті тіршілігі. Олар – адам жанының шын жанашыры. Жаралы жүрекке жұбаныш, сырқат тәнге шипа бола білген оларсыз бірде-бір емдеу процесі жүзеге аспайды. 

Мейірім мен жауапкершілікті серік еткен мамандықты таңдауға екінің бірі тәуекел ете бермейді. Дегенмен «мейіргер болсам» деген арман көп жастың жүрегінде бүр жарып, «қайда түсеміз, қалай оқимыз?» деген нақты сұраққа ұласып жатыр.

Кейінгі 10 жылда орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 78,6-дан 95,3-ке дейін өсті. Соның нәтижесінде республикада 185 мыңнан астам орта буын медицина мамандары жұмыс істейді. Яғни дәрігерлер санынан 2 есе артық. Бұл – медициналық көмектің тиімділігі көбінесе мейіргерлердің кәсібилігіне және жаңартылған мейіргерлік қызметке байланыс-ты екенін көрсетеді.«Мейіргер ісінің» академиялық бакалавр-лары мен магистрлерін даярлау Қазақстан Республикасының 7 жоғары оқу орнында жүргізіледі. Академиялық бакалаврлардың жыл сайынғы шығарылымы орта есеппен 200 адамға жуық болса,мейіргер ісі бойынша магистрлер 10 адамнан ғана аспайды.Мәселен, орта буын мейіргерлерін 89 медициналық колледж даярлайды. Соның ішінде 24-і –мемлекеттік, 65-і – жеке меншік. Мамандарды даярлау 8 мамандық және 16 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Жыл сайын 19 мыңнан астам орта медициналық қызметкер даярланып шығады. Егер санамалайтын болсақ, оның 7 мыңнан астамы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тәмамдайды.Мейіргер қызметінің даму тенденциялары қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер рөлінің едәуір артуымен байланысты. Себебі мейіргерлік білім беру жүйесін реформалаусыз бұл мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Оған дәлел ретінде қазіргі күні Қазақстанда мейіргер ісін реформалау қажеттілігі Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар номенклатуралық және бағдарламалық құжатында көрініс тапты.

 

 Мейіргерлерді даярлаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді

Кіші мейіргерлерден бас-тап мейіргер ісі бойынша PhD докторына дейін «Мейіргер ісі» мамандарын даярлаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді. Жұмыс істейтін мейіргерлерге жеделдетілген және икемді даярлау бағдарламалары бойынша жоғары және орта білімнен кейінгі мейіргерлік білім алуға мүмкіндік беретін «Мейіргер ісі» бойынша академиялық және қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген бағдарламалары әзірленді.

Республиканың 37 медициналық колледжі жоғары колледждер мәртебесіне ие болды және мейіргерлік күтімді жүзеге асыра алатын, пациенттерге, олардың туыстарына ауруды басқару бойынша консультация бере және үйрете алатын, денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асыра алатын қолданбалы бакалавр – кеңейтілген практикадағы мейіргерлерді даярлауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ кеңейтілген практикадағы мейіргерлер дәрігерден жеке дербес қабылдауды, динамикалық бақылауды, консультация беруді, ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде оқыту мен патронажды жүзеге асыратын, скринингтер, вакцинациялар және бірқатар диагностикалық, емдік рәсім жүргізетін болады.

Әлемде де, республикада да мейіргер ісінің даму үрдісі – оның МСАК пен стационарлардағы клиникалық рөлін күшейтуге бағытталған. Ең алдымен, функционалдық міндеттерді кеңейтуді және бірқатар қызметті дәрігерден өз құзыреті шегінде мейіргерге бере алады. Мәселен, бастапқы дербес қабылдауды, аурулар мен олардың асқынуларының профилактикасына бағытталған алдын алу қызметтерін көздейді.

 

қызметтің  жаңа моделі

Медициналық ұйымдардың қолданбалы бакалаврлардың жұмысына дайындығын қамтамасыз ету, жоғары колледждердің клиникалық базаларында білікті мейіргерлер практикасын құру, мейіргер қызметінің мәртебесін арттыру үшін Денсаулық сақтау министрлігі жеті өңірдегі практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында және республиканың 7 жоғары медициналық колледжі мен 31 қанатқақты медициналық ұйымының базасында мейіргер қызметінің жаңа моделін әзірлеу және енгізу жөніндегі қанатқақты жоба іске асырылып жатыр.

Мейіргер қызметінің жаңа моделін дамыту шеңберінде:

- дәрігердің бірқатар қызметті бере отырып, «кеңейтілген практика мейіргерлері» лауазымы енгізілді;

- 31 қанатқақты медициналық ұйымның базасында мейіргер қызметінің жаңа моделі енгізілді;

- «Мейіргерлер ісі» мамандығы бойынша даярлаудың барлық деңгейлерінің білім беру бағдарламаларына 15 клиникалық мейіргерлік нұсқаулық әзірленді;

- 45 стандартты операциялық процедура, мейіргерлік құжаттаманың 33 бастапқы нысаны пысықталды;

- мейіргерлік диагноздар жіктеуіші бейімделді.

«Мейіргер ісінде білім, тәжірибе және ғылымның үштұғырлығы» Жол картасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде жұмыс жасалып жатыр:

- мейіргерлерге арналған сертификаттау курстарының бағдарламаларын жаңа мамандықтар бойынша іске қосу,

- мейіргерлік диагноздар мен мейіргерлік араласулардың ұлттық жіктеуішін енгізу,

- клиникалық мейіргерлік нұсқауларды, кеңейтілген және тапсырылған мейіргерлік құжаттама нысандарын, операциялық рәсімдер стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу,

- ҚДСБ-да мейіргер ісінің үйлестірушісі лауазымын енгізу және т.б.

 

Гүльвира УСПАНОВА,

аудандық аурухананың аға мейіргері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT