Жанбай ауылындағы №135 сайлау учаскесінде 89 жастағы ардагер ұстаз Гүлжиян Нажимова дауыс беруге қатысты. Жалпы Исатай ауданында өтіп жатқан сайлауда зейнеткерлер де, жастар да белсенділік танытуда. Бұған дейінгі мәліметтерде мәслихат депутаттарының, ауыл әкімдерінің, әскерилердің дауыс беруге қатысып жатқанын жеткізген болатынбыз.
Аталған сайлау комиссиясының төрағасы Ғимади Жиенғазиевтің айтуынша, сайлау учаскесіне 1848 сайлаушы тіркелген. «Потенциал Ойл» ЖШС мұнайшылары да келіп дауыс берді. Ал, «Жаңаталап» кен орнына өтініш бойынша, жылжымалы жәшік арқылы дауыс беру ұйымдастырылған.