Жанбай ауылында жаңа мешіт ашылды

Исатай ауданы, Жанбай ауылында жаңа мешіт ғимаратының ашылуы болды.

Ауыл тұрғындарының бастамасымен қолдау тапқан Алланың үйіне Әйтеке бидің аты берілді.

- Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен азаматтарының негізгі ұстанатын діні - Ислам. Дінислам үмбетті тура жолға бастаумен қатар, ұлтты, ұрпақты тәрбиелейтін дін. Сондықтан да, жастарымызды дінді дұрыс ұстанып, салт-дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеуіміз керек. Осы ретте ауданымздан үшінші болып бой көтерген Әйтеке би мешітінің ашылуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын, - деді аудан әкімі Марат Мурзиев.

Шарада сөз алған облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысқанұлы жаңа мешітке тағайындалған бас имаммен таныстырды.

- Маңғыстаулық Жеңіс Құлыбайұлы - бұған дейін де дін жолында еңбек етіп жүрген, аудан, ауыл мешіттерінде ұстаздық қылған азамат. Енді ол осы мешітке басшылық етеді, - деген ол имамның жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ Алтынбек Ұтысханұлы құлшылық орнының Әйтеке би атымен аталуы ҚМДБ-ның ұйғарымы екенін айтып өтті. Ондағы мақсат қазақтың хандары мен би-сұлтандарын ұрпаққа насихаттау екен.

Шарада аудан әкімі мен облыстың бас имамы мешіт лентасын қиды. Ауыл кәсіпкері, мешіт жамағаты Нағидолла Әлдібекұлы өз қаражатына имамға арнап салған қызметтік пәтердің кілтін табыстады.

Мешіт құрылысына бастамашы болған азаматтардың да аты аталып, алғыс хаттар ұсынылды. Айта кетейік, мешіт Жанбай ауылы мен аудан тұрғындарының демеушілігімен тұрғызылды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521