Жанбайда бекіреге белгі қойылды

Бүгін Жанбай ауылында шағын сәулет нысандарының ашылу салтанаты өтті.

Санитарлық талапқа сай өткен жиында ауыл әкімі Дидар Есмұханов сөз сөйлеп, нысанның ашылуымен құттықтады.

p

- Жеңіс күні мерекесінен кейін, қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде тағы бір игі істің куәсі болғалы тұрмыз. Бүгін ауылдық округ әкімшілігінің тапсырысымен ауылымызға сән беретін шағын сәулет нысандары ашылуда. Жанбай ауылы 1930 жылы іргетасы қаланған. Сол кезде көптеген ұжымшарлардың осы жерде балық аулап, басқа да ауыл шаруашылығын дамытқаны белгілі. Сол себепті ауылымызға тарихи ескерткіш ретінде бекіре балығының бейнесі қойылды. Сондай-ақ, бекіре мүсінінің артында төрт үлкен тақта орналасқан, - деген ауыл әкімі ондағы суреттердің түпкі мәніне тоқталды.

p

Тақтада Нарын құмы, сол кездегі өңір халқының ашаршылықтан аман қалуына себеп болған құмаршық өсімдігі, ауыл шаруашылығын айшықтайтын бейне және негізгі байлығымыз «қара алтын» кескінделген. Ауыл әкімі бұл монументтердің ауылға сән беретіні өз алдына, өңір тарихынан сыр шертетін нысан екенін айтты.

Ауыл ардагері Аманжан Ибатов нысанның әр бөлігіне тоқталып, ондағы бейнелерге қатысты өлке тарихын тереңнен бір толғады. Ашаршылық кезі мен сұрапыл соғыс жылдарындағы ауданымыздың ерен еңбегі, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен өндірісі, ондағы қызу еңбектің қазанында қайнаған аға ұрпақ өкілдерінен жалғасқан бүгінгі ұрпаққа өңір тарихын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521