Жанбайда наурыз өтті, дүркіреп...

Ұлыстың ұлы күні Жанбай ауылдық мәдениет үйінің алдындағы алаңда "Армысың-әз Наурыз" атты мерекелік шара өтті.

Наурыз тойда алғы сөз кезегін алған Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайша Халидоллақызы мен Жанбай ауылдық округі әкімі Дидар Жалғасбайұлы ауыл тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Бұл думан тойда өнерпаздар сазды әуендерін орындап, бишілер тобы мың бұрала би билеп, сондай-ақ, ауыл тұрғындарына театрланған көрініс қойды. 

Сонымен қатар, осы мерекелік шараның сәнін айшықтар ұлттық ойындар да болды.Яки арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қой көтеру ұлттық ойындарынан ауыл тұрғындары бақ сынасып, мәре-сәре болысты.

Айта кетейік, "Арқан тарту" ұлттық ойынына нар тұлғалы ауыл жігіттері күш тартысып, "80-90-дар" 1-орын , "БЖСМ" 2-орын, "1977 лер" командалары 3-орын жеңіп алды. "Ләңгі" тебуден жақсы нәтиже көрсете білген Дәурен Мұзбаев 1-орын, Ербол Толеушов 2-орын, Ерден Капаров 3-орын иеленді. Ал,"Гір тасын" көтеру сайысынан 1-орын Нұртілек Утебаев,2-орын Мәулен Кенжеғалиев, 3-орын Айсабек Қуанышбеков жүлделі орынға ие болды. Қой көтеру сайысынан:1-орын Мәулен Кенжеғалиев, 2-орын Мұрасқали, 3-орын Айсабек Қуанышбеков жеңіп алды.Жарысқа қатысушылар қаржылай жүлдемен, сонымен қатар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алаңға киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды.Ауыл үлкендері мен ауыл ардагерлеріне дастархан жайылды.

Спорттық сайыстың өтуіне демеушілік білдірген Нұрхат Ерғазиев, Болатбек Ержанов, Болат Зулхашев, Дастан Нұрмашев атты ел азаматтарын атап кеткенімізде жөн болар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521