Жанбайда – жаңа дүкен

Заман талабына сай Жанбай ауылында да тұтынушыларға тұрақты қызмет қылатын кәсіпкерлік нысандар қатары көбейіп келеді.

Өткен жұма күні мұнда солардың тағы бірінің тұсауы кесілді. Бұдан бұрынырақ ауылда алғашқы болып дәріхана ашып, халықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне жағдай жасаған жеке кәсіпкер Нурия Қуанышбекова енді сол нысанға жалғас бір дүкен ашып отыр. Сөйтіп ол жаңа сауда нүктесінде кеңсе тауарларын, ыдыс-аяқтан бастап тұрғындарға қажетті тұрмыстық тауарларды сатуды қолға алып, ауылдастарды қуантып тастады.

Аталған нысанның ашылуына ауыл ақсақалдары мен басқа да тұрғындар қатысты. Салтанатты шараны ашқан ауылдық округ әкімі Дидар Есмұханов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзажан Балпанов халыққа қызмет ететін бұл сауда нүктесі ауыл көркіне де оң әсер ететінін айта келіп, халыққа қалтқысыз қызмет етіп, табысты жұмыс жасауына тілеулес көңілде керме лентаны қиды. Ұлттық киімдегі қыз-келіншектер шашу шашып, жиналғандарға шұбат, бауырсақ ұсынды. Жаңа сауда нүктесінен ауылдың бір жұмыссыз тұрғыны тұрақты қызметке тұрғанын да айта кеткен абзал.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521