Жанбайдағы «Гүлшат» жартылай фабрикатталған өнімдер дайындайды

Исатай ауданының Жанбай ауылында жартылай фабрикатталған өнімдерді дайындайтын «Гүлшат» кәсіпкерлік нысаны өткен жылдың аяғында жұмысын бастаған болатын.

gulshat-j4 

Онда түшпара, мәнті, жылқы етінен қуырдақ, қазы, жая, бұқтырылған сиыр, жылқы, қой еттері, т.б. өнімдер дайындалады.

gulshat-jp

- «Бастау-бизнес» жобасы бойынша білім алып, сертификатымды алған соң елге пайдалы іс қылуға жұмыстандым. Ондағы бар ойымыз өз қаржымызға жартылай фабрикатталған өнім дайындайтын шағын цех ашу болатын. Отағасының қолдауымен бастаған кәсіппен бүгінгі күні ауыл ішіндегі тапсырыстарды қамтып отырмыз. Алдағы уақытта арнайы сатып алған орнымыздың жеңіл құрылыс жұмыстары біткен соң, құжаттарымызды заңдастырып, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолжетімді пайызбен несие алып, оған өнімдерді өңдейтін құрал-жабдықтарды алсақ, тапсырыс көлемін ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар. Бәрі қолмен жасалатын жұмыс болғандықтан, әзірге тек қана түскен тапсырысқа қарай қызмет етіп, соны уақытында жеткізумен айналысып отырмыз. Осы орайда кәсібімізге ең алдымен қолдау білдірген жерлестеріміз жанбайлықтарға алғысымыз мол. «Ақырын жүріп, анық бас» демей ме, алға қарай жақсы нәтижелерге жетсек деген мақсатымыз бар, - дейді жанбайлық кәсіпкер Айнұр Сисекенова.

gul-jar-p

Біздіңше, алдағы уақытта аудан көлемін түгелдей қамтыса да артық етпейді, өйткені, бүгінде дүкен сөрелерін толтырған ет, сүт өнімдерінің біразы сырттан әкелінеді. Ал, таза, халал өнімді өз ауданымызда өндіріп отырған кәсіпкерге біз де қолдау білдірсек сөкеттігі болмас.

gul-jan-p

Айта кетейік, аталған кәсіпкерлік нысанды етпен қамтушы - "Құрасов Р" шаруа қожалығы.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT