Жанбайдағы мақтаулы маман

Райгүл Мәмешова Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратында 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Әуелгіде қызметке келісімшартпен араласқан ол жастық жігерін танытып, қарапайымдылығымен, кішіпейілдігімен ауылдастар алғысына бөленіп жүр. Мемлекеттік қызметші ретінде өзіне жүктелген жұмыстың жауапкершілігін жете сезінетін жан түрлі шаруаларымен келген ауыл тұрғындарын жылы қабылдап, олардың мәселелерін мұқият тыңдап, нақты шешімін табуына жұмыстанады.

- Райгүл кейбір мәселелердің тиісті заңдылықтар шеңберінде шешілуін қадағалап, түсінік жұмыстарын жүргізіп отырады, алдына келген адамды ренжітпей аттандырады. Бұл барлық мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап, жалпы біздің барлық маман-қызметкерлер осы талап үдесінен шығып келеді. Бұл ретте әуелі бас маман, кейін құрылымдық бөлімше басшысы ретінде Райгүл Қабдрахимқызының қосып отырған үлесі мол,-дейді округ әкімі Дидар Есмұханов.

Қызметінде өзіне жоғары талап қойып, өзге әріптестерінен де соны талап етіп отыратын маман көпке үлгі. Оның үстіне бірлескен қимыл болған жерде нәтижелі жұмыс болатыны да анық. Сонымен қатар адам бойындағы еңбекқорлық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттер абырой биігіне бастарын әріптестері де мақтаулы маманға қарап түсіне түседі.

Райгүл үлгілі шаңырақтың да отанасы. Жолдасы екеуі отбасында бір ұл, екі қыз бала өсіріп, тәрбиелеп отыр. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін экономист-аудит мамандығы бойынша бітірген жоғары білімді маманның жетістікті жолдары әлі алда екені де анық.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521