Жанбайдағы сайлау учаскесінде алғашқы дауыс беруші ауысымдық қызметтегі азамат болды

Исатай ауданы, Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылы, Т. Нысанов көшесі, 75 "Жанбай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны ғимаратында орналасқан №135сайлау учаскесінде де таңғы сағат 7:00- де еліміздің Әнұранымен ашылған аудан әкімі сайлауында  алғашқы дауыс беруші Қайырғали Әділжан есімді азамат болды.


Мартыши өндіріс алаңындағы мекемедегі күзет қызметіндегі жұмысына асығулы азамат "Не үшін дауыс бердіңіз?" деген сауалымызға қысқаша жауап қайырды.

- Ауданымыздың ел қатарлы өсіп-өркендеуі үшін дауысымды бердім. Өзім дауыс берген аудан әкімі лауазымына үміткердің сол үшін еңбектене білетініне сендім, - деді ол.
Туған ауданының ертеңін ойлай ертелетіп келіп, таңдауын танытып бара жатқан Әділжан азаматқа бек разы болдық.

Алғашқы дауыс берушіге арнайы сыйлығын табыстаған учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ғимади Жиенғазиевтен білгеніміздей, мұнда 1882 сайлаушы тіркелген, олардың 15-і мүгедектігі бар жандар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT