Жанбай ауылындағы Х.Наубетов атындағы орта мектепте негізгі мектепті бітіруші 64 оқушыға Аттестат тапсырылды.
Шарада мектеп директоры Ғ.Жиенғазиев құттықтау сөз сөйлеп шәкірттерге аттестаттарын өз қолынан табыстады.
Мектепті бітірушілер арасынан 6 оқушыға «Үздік аттестат» берілді. Олар - Төремұрат Нұриман, Қайрден Алина, Болатқызы Назерке, Асқат Арманай, Талғат Еркеназ, Есенгерей Нұрберді.
–Бұлар - мектебіміздің мақтанышы, болашақ «Алтын белгіге» үміткер оқушылар,-деді мектеп басшысы риза көңілмен.
Жиын барысында ата-аналар атынан ардагер ұстаз Л.Мусаева, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Рахымбергенова, аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Ж.Қуанышқалиев та құттықтау лебіздерін жолдап, түлектерге сәт сапар тіледі, каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы да ескертілді.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР