Жанбайлық ардагер «Ардақты ана» медалімен марапатталды

Аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан мен аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов жанбайлық еңбек ардагері Жұпар Саламатоваға «Ардақты ана» медалін табыстап қайтты. 

Жұпар Саламатова - денсаулық сақтау саласында табан аудармастан 42 жыл еңбек етіп, елдің алғысына бөленген ардақты жан. Осы уақытқа дейін атқарған қызметі үшін еңбегі еленіп, 2011 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Ауылдың үздік дәрігері» аталымымен марапатталса, 2013 жылы Ұлттық Медицина ассоциациясының мақтау громатасымен, 2015 жылы аталмыш ассоциацияның «Алтын дәрігер» төсбелгісін иеленді. 2016 жылы «AVE VITAE» орденімен ұлғыланған анаға бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің шешімімен «Ардақты ана» медалі тағылып, мерейі үстеді.

Айта кетейік, Жұпар апай 1953 жылы Ембі ауданының Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген. 1977 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген соң жолдамамен Новобогат ауданына келіп, дәрігер невропатолог қызметіне тағайындалды. Кейінгі жылдары Жанбай дәрігерлік амбулаториясының терапевт дәрігері, 1998-2019 жылдары бас дәрігері болып сайланып, қызметін адал атқарды. 

Төрт перзент дүниеге әкелген ана бүгінде 6 немере, 3 жиен сүйіп отыр.

 

Сағыныш Сайлаубайқызы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT