Атырау қаласында 2011-2012 жылы туған жасөспірім қыздар арасында баскетболдан «West cup» республикалық турнир өтті.
Төрт күнге созылған жарыста Атырау мен Орал қаласынан және Құрманғазы ауданынан келген құрама командалар бақ сынасты. Соның ішінде Жанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де бар. Аса тартысты өткен бұл додаға 6 команда қатысып, нәтижесінде үздік ойын көрсете білген жанбайлық шәкірттер топ жарып, чемпион атанды.
-Жалпы командалық ойынға «Barsy Junior», «Қиғаш», «Бжсм № 6», «Airom junior» және «Жанбай БЖСМ» құрамасы қатысып, тартысты ойын өтті. Осы уақытқа дейін облыстық, республикалық ойындарға біздің командалар ерекше белсенділік танытып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Бұл олардың үздіксіз дайындалып, төккен терінің нәтижесі.
Шәкірттерімнің жас шамалары 11-12 жас. Алайда, олар қайсарлық пен табандылықтың арқасында біраз шыңдарды бағындырып жүр, -деді Жанбай БЖСМ баскетбол бөлімінің жаттықтырушысы Жақсылық Қуанышқали.
Баскетболшылар арасынан қырағылық танытып, көптің көзайымына айналған
Асылжан Жоламанқызы "үздік ойыншы" атағын иеленді.
Сағыныш ҚАЙЫР