Жанбайлық көпбалалы анаға үй сыйлады

Жанбай ауылында тағы бір көпбалалы отбасы қоныстойын тойлады.

«Потенциал Ойл» ЖШС-нің демеушілігімен баспаналы болған жалғызбасты ана Эльмира Мұхтарованың шаңырағы шаттыққа бөленді.

janbaiui1

Үйдің кілтін табыстау салтанатында сөз алған Жанбай ауылдық округінің әкімі Дидар Есмұханов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзажан Балпанов қайырымдылық қолын созып, демеушілікпен баспана сыйлап, ана мен бес бірдей баланың алғысын арқалаған компания басшыларына риясыз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ «Потенциал Ойл» ЖШС бас инженері Ғаділбек Мырзағалиев, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Нұрбек Иманқұлов, бас механик Қайрат Раймуханов Эльмираның мұң-мұқтажын компания басшыларына жеткізіп, баспаналы болуына септескен ауыл әкімі мен ардагерлеріне алғыстарын айтып, қуанышқа кенелген көпбалалы ананы қоныстойымен құттықтады.

janbaiui2

Айта кетейік, Эльмира Мұхтарова - бес баланың анасы. Жолдасы дүниеден озғанда кенже қызы құрсағында қалған жас анаға осы уақытқа дейін бір бөлмелі үйді паналап келу оңайға соққан жоқ. Елдің қамқор азаматтары көтерген бастама оң шешімін тауып, қуанышқа кенелген ол жақсылықтың басы-қасында жүргендерге ыстық ықыласын білдірді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521