Жанбайлық өнерпаздар Аққыстауды әнге бөледі

Әр аптаның бейсенбісіне ұласқан мерекелік сазды бағдарлама өз легімен, жоспар бойынша өтіп жатыр. Бұл жолы кеш тізгіні – жанбайлық  өнерпаздардың еншісінде болды.  Әр ауыл аққыстаулық өнер жанкүйерлеріне ән-биден шашу шашса, көрермендер де өнерпаздарды құшақ жайып, ыстық ықыласпен қарсы алуда

«Өнерім саған -Туған ел» атты Жанбай ауылдық округ өнерпаздар концертінің алғы сөзін алған округ әкімі Дидар Жалғасбайұлы ауыл тұрғындарына ақжарма тілегін жаудырып, өнерпаздардың сазды бағдарламасына куәсі болуға шақырды.

Қадыр ақын айтқандай  «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегендей кеш шымылдығын ашқан ауданымызға белгілі еңбек ардагері, ақын Қожантай Сыдихов қазақтың қара домбырасын шерте отырып, жүрек тербетер ән-жырымен көрерменді баурап алды.

Сағынышқа толы сазды әуенімен аға-апаларды жастық шағына бір оралтып, Жарқын Закарияның  орындауында  «Жолыққан қандай жақсы» және де «Жібек сезім» әнін де шырқады.

Әрмен қарай ауыл өнерпаздары әуезді әнімен әрлесе, бишілер кештің көркін заманауи жастар биімен кіргізді.

 Концерт барысында жүргізуші  көрермендер арасынан белсенділік танытқан жандарға да ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табыстады. 

 Әдемі шара соңында аудан әкімі Нұрым Мусин: -Бүгін міне, өздеріңіз куә болғандай, Жанбай ауылдық округінің өнерпаздары сіздерге керемет көңілді кеш тарту еткен болса,сол ән мен бидің, күй мен жырдың жалғасы келесі аптаның бейсенбі күні Нарын ауылының өнерпаздары ұсынады.Осылайша, бейсенбілік кеш қыркүйек айына дейін жалғасын тауып отырады.Осындай рухани сазды бағдарламасымен көңілді кеш ұсынған ауыл тұрғындарына алғыс білдіреміз,-деп жанбайлық өнерпаздарға алғыс хат табыс етті.

Күнделікті күйбең тірліктен бір уақыт арылып, әншілердің әндерін тыңдап, марқайып қалған көрермендердің өнерпаздарға деген ризашылығы шексіз болды. 

                                                                                САҒЫНЫШ ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521