Жанбайлықтар бірауыздан үндеуді қолдады

Бүгін Жанбай ауылында биыл алғашқы нөмірі жарыққа шыққанына 70 жыл толған Исатай аудандық «Нарын таңы» газеті редакциясы ұжымының қаламгер журналистері мен газет қызметкерлері жергілікті оқырмандармен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында мінберге шығып сөйлеген сөйлеушілер ұжым қызметкерлерін мерейтойларымен құттықтай отырып, осы жылдар ішінде  шежірелі тарихы, қалыптасқан дәстүрі, тұрақты оқырманы бар газеттің беделі күннен-күнге артып, абыройы биік, бәсі жоғары  ақпарат құралына айналғанын айтып, рухани азық қызметін атқарып келе жатқан газет-журналдардан еш ажырамау керектігін  алға тартты.

 Әсіресе басқосуда ақын, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, газетіміздің 1977-1988 жылдардағы редакция қызметкері Адайбек Есекештің жүрекжарды толғанысы кездесуге келген қатысушыларды бей-жай қалдырмады.

-«Нарын таңы» -облысымыздағы өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді газеттердің бірі. Өзінің ғасырға жуық тарихында қызығы мен қиындығы мол үлкен жолдан өткен ақпарат құралы әр жылдары еліміздегі түрлі жаңалықтарды, мемлекетіміздің мерейлі сәттерін, өңіріміздің ел ішіндегі ерекше жандар мен еңбек адамдарын барынша насихаттап, көпшілік оқырманға жеткізіп келеді. Қай кезеңде де уақыт талабына сай еліміздің оң өзгерістерін паш етіп, қарапайым халықтың мәселесіне мән беріп, ел жылнамасын жасауға сүбелі үлес қосуда. Жаңа газет редакторының міндетін атқарушы А. Салихов ауданымыздың қоғамдық-саяси айнасы- «Нарын таңы» газетіне  екінші жарты жылдыққа жазылу жүріп жатқанын, бұдан бұрын Қамысқала, Тұщықұдық ауылдарында да оқырмандармен кездесулер өткенін, ондағы ағайындар  бірі кісідей төл басылымызға жазылу туралы үндеу көтеріп жатқанын айтқанына естіген шығарсыздар. Менде сіздерді өзіміздің жаңалықтың жаршысы, рухани сырласымыз  аудандық «Нарын таңы» газетіне бірауыздан жазылуларыңызға шақырамын.  Және жанбайлық оқырмандарымызда  газет таралымының артып, өсуіне өз  үлестерін қосатынына  кәміл сенімдімін деп айта аламын,-деді ол.

Бас қосуда  А.Есекештің жоғарыда қозғаған  ұсыныс пікіріне  бір ауыздан ауыл қарттары мен ардагерлер, мектеп ұжымдары, «Потенциал Ойл» ЖШС-гі, оқырмандар және мекемелер мен ұйымдар  тарапынан сөйлеген азаматтар мен азаматшалар бірауыздан қосылатынын айтып, қолдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT