Жанымызға жылылықты дарытсақ

Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасымыз қазіргі заманның жастарына қатысты біраз мәселелерге тоқталды.

Сол жастарға арнаған сөзінің бірінде олардың бойына жылы жүректілік, қайырымдылық қасиеттер де даруы керектігі тұрғысындағы ойы тыңдаған үлкен-кішіні толғантып жіберді деп есептеймін.

Елінің кешегісінен де хабары мол, бүгінін де бек білетін, ертеңін де ойлаумен жүретін Елбасы халықтық қалпымыздан да айнымауды ескергені анық. Өзім әлеуметтік қызметкер ретінде қамқорлықты қажет ететін қарт кісілермен де, жалғызбасты жандармен де, мүгедек балалармен де жұмыс жасап жүргендіктен оларға жылы жүрек, қамқор көңіл, қайырымдылық іс қашанда керектігін жақсы түсінемін.

Халқымызда «жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей» деген сөз бар емес пе, ендеше, кешегі күні Елбасының өзінің қатысуымен өткен Астана төріндегі салтанатты шарадан бастау алған Жастар жылында жасөспірімдеріміз бен жастарымызды адамдарға жақсылық жасауға жетелейтін бастамалардың, жарасымды істердің көп болғанын қалаймын. Бұған жекелеген адамдардың да, кәсіпкерлік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың да өзіндік үлестерін қосуына мүмкіндіктері баршылық.

Валя ҒҰБАШЕВА,

Аққыстау ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521