Жақсылықта жарысайық

«Зинеден Құрасұлы» мешітінің жанынан құралған «Аққыстау иман жастары» 2018 жылы құрылды.

Бұл топ 50-ге жуық еріктілерден құралған. "Аққыстау иман жастары" еріктілер тобы көптеген өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай жұмыс атқарып, өскелең ұрпаққа мейірімді және ізетті болуға жол ашты. Олар қайырымдылық іс-шараларына бір үйдің баласындай атсалысады. Жыл соңында аудан бойынша «Үздік еріктілер тобы» атануымыз да біз үшін үлкен мерей болды.

Жақсылық жасау - айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, коғамды адамгершілікке үйрететін қасиет.

Жақсылық туралы Майлықожа ақын былай жырлайды:

"Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

Гаухар тас жарық қылмай, жерде жатпас,

Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,

Жақсылықты еткендер жаман таппас".

Алла Тағала Құранда «Бақара» сүресінің 148-аятында "Әр қауымның бет бұратын құбыласы, ұстанған жолы, көздеген мақсаты бар. Ендеше жақсылықта жарысындар һәм топ жарыңдар" дейді. Әркім өзінің жағдайы жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы шын ниет адал пейілмен жасалса болғаны. Сөз соңында жастарға айтарым, жақсылық - адамшылықтың белгісі. Жақсылықта жарысайық.

Аянбек ҚАДЕН,

Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешіті жанынан құралған «Аққыстау иман жастары» еріктілер тобының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521