Жарқын болашаққа жол

Биылғы жыл тәуелсіз Қазақ елінің жастары үшін ерекше кезең болмақ.

Өйткені, Ел Президенті өзі тікелей ұйытқы болу арқылы бұл жылды Жастар жылы деп жариялады.

Күні кеше ғана атаулы жылдың ресми ашылуында Елбасымыз еліміздің ең белсенді деген жастарын жиып, олармен еркін форматта жүздесіп, ерекше емен-жарқын кездесу өтті. Елбасының жанына жиналған жас та болса, әр саланың жілігін шағып, майын ішкен майталман мамандар болашақ Қазақ елінің жарқын болашағынан хабар беріп тұрғандай көрінді. Тәуелсіз Қазақстанымыздың атын әлемге танытып жүрген сол белсенді жастарымыздың оңды пікірлері ауыл жастарына да ой салып, оларға мақсатқа жету жолында ерекше серпін бере түсері сөзсіз.

Бұл кездесуді ендігі азғана уақыт төңірегінде Қазақстан мемлекетінің көшін бастайтын жалынды жастарға Елбасымыздың өзі дара жолын көрсетіп, ақылын айтқан оларға жөн сілтеген тарихи шара деп бағаласа да артық емес. Сонымен Жастар жылы құтты болсын!

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

ардагер ұстаз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521