Жарқын болашағымыз үшін таңдалған нақты қадам

20-қараша күні еліміздің жарқын болашағы үшін Президент сайлауы сәтті өтті. Президент сайлауы – ел болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Сол себепті, халық сайлауға қатысып, жауапкершілік танытты. Сайлау – өзгерістер мен реформалардың бастауы болды. Президенттік сайлау жарқын келешегімізге жасаған нақты қадамымыз болып есептеледі. Сондықтан, барша халық осыны түсініп, елдің келешегі үшін дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. 

Біз еліміздің алдағы жарқын жеті жылы үшін дұрыс  таңдау жасадық деген сенімдемін. Әділетті Қазақстанды құруда сайлаудың нәтижесі оң болды деген үмітім зор. Бәріміз бірлік пен татулықтың тұғырын нық ұстап, егеменді ел үшін еңбектенуіміз шарт.  

Мұрат Бектенұлы, Исатай ауданының Құрметті азаматы,
Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі,
ардагер мұнайшы, жергілікті өлкетанушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT