«Атырау облыстық Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» 2023 жылғы 17 наурыздығы № 209 санды қатынас хаты негізінде Атырау облыстық Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің 28 наурыз 2023 жылғы №66 санды бұйрығымен жалпы білім беретін Өркен орта мектебінің базасында 18 сәуір күні дәстүрлі «БАСТАУ» математикалық турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.
Турнирдің мақсаты-математикалық қабілеті айқан білінген дарынды бастауыш сынып оқушыларын дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Міндеттері:
- математика саласындағы дарынды бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары бойынша шығармашылық қарым-қатынас үшін арнайы командалық жарыс түрінде өткізуге жағдай жасау;
- математика бойынша олимпиадалық резерв жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету және кеңейту.
Аудандық турнирге 12 мектетеп 36 оқушы қатынасуға сұраныс түсіп, олардың ішінен 11 мектептен 33 оқушы қатынасты. Турнирдің өту барысында және жол жүру уақытында балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін және өздерінің тұрғылықты жерлеріне оралғанға дейін жауапкершілікке жетекші тағайындау мектеп басшыларына жүктелді.
Аудандық турнир Ережеге сәйкес өткізіліп, әр мектептен 2-4 сынып оқушыларынан құралған 3 оқушыдан қатынасты. Тапсырмалар 3 турдан тұрды.
- «Әу, баста!» командалық тапсырма
- «Асық» командалық тапсырма
- «Бәйге» жекелей тапсырма
Аудандық турнирдің қазылар алқасы:
- Хамметова Мариям Нысынқызы-Аққыстау орта мектебінің мұғалімі
- Болатқали Айнұр Болатқалиқызы-Х.Наубетов орта мектебінің мұғалімі
- Забихова Ботагөз Болатқызы-Жаңажанбай бастауыш мектебінің мұғалімі
Турнир нәтижесінде жалпы білім беретін Ю.Гагарин орта мектебінің жас математиктері І орын, Новобогат, Г.Мәсәлімов орта мектептерінің командалары ІІ орын, Х.Наубетов және Ж.Мырзағалиев орта мектептерінің командалары ІІІ орын иеленіп, жекелей ерекшеленіп, берілген тапсырмаларды орындаудан І орын алған төмендегі оқушыларға облыстық турнирге жолдама берілді.
- Жұмажан Мұхаммадсаид Бисенбіұлы-Ю.Гагарин орта мектебінің 2сынып оқушысы, жетекшісі-Қайырғалиева Гулмира Кабделқызы
- Серікқали Нұрайым Талғатқызы-Ж.Мырзағалиев орта метебінің 3сынып оқушысы, жетекшісі-Нұржанова Салтанат Батайқызы
- Зұлхожа Жайнагүл Таңатарқызы-Ю.Гагарин орта мектебінің 4cынып оқушысы, жетекшісі-Ақтаева Жанна Тұрланқызы
Жолдама алған оқушыларымыз қазылар алқасының сенімін ақтап, облыстық турнирде ІІ орын иеленіп қайтты.
«Жарайсыңдар, жас математиктер!»-деп ризашылықпен дендеріне саулық, амандық, сабақтарын жақсы оқып, ата-ана үмітін, ұстыз сенімін ақтауларына тілекшіміз. Жетекші ұстаздарына шығармашылық жетістіктер тілейміз.
К.Дузбаева-Исатай аудандық білім бөлімінің бастауш сыныптар бойынша әдіскері