Жәрмеңкенің жайы қалай?

Бүгін, яғни 21 мамыр күні Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылының Вокзал маңы алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтуде.

photo-2021-05-21-10-01-22

Жәрмеңкеде көршілес Батыс Қазақстан облысынан сүт өнімдері, Махамбет ауданынан, Атырау қаласынан және жергілікті кәсіпкерлер көкөніс, балық, құс еті, балық, т.б. өнімдерін ұсынып сатуда. Мамандар тарапынан жәрмеңке келген барлық кәсіпкерлерге әкелген өнімдерінің жергілікті азық-түлік дүкендерінің бағасынан төмен бағаға сатылуы ескертіліп, ұсынылып отырған бағалар кәсіпкерлерге таратылды. Сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталуы туралы ауыл шаруашылығы мамандарымен бірге мобильдік топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

photo-2021-05-21-10-01-19

Аталған жәрмеңкеде "Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл" логотиптері мен баннерлері қойылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521