Жарнамаға салғырт қарамаған дұрыс

Жуырда Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен деректемелер мен көрнекті ақпарат тіліне қатысты жиын өтті.

Аталмыш жиынға Қоғамдық келісім кеңесінің аудандық сарапшысы Ерболат Насимуллин, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының басшысы Нұргүл Хайруллаева, мемлекеттік аудандық Кірістер басқармасының бөлім басшысы Нұржан Кабдуловалықаралық «қазақ тілі» қоғамының  филиалының басшысы Шынар Мақсотова, «Азиз» ЖК басшысы Рауан Серік және де ауылдық округтерінен кәсіпкерлер,жас мамандар қатысты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекті ақпаратты  тек мемлекеттік тілдің қолданыс аясына мүмкіндіктер жасалуда.Кәсіпкерлік нысандардың, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдашалары мен бланкілерін, жарнамалар, баға көрсеткіштерін, басқа да көрнекті ақпаратты тек мемлкеттік тілде, қажет болған жағдайда  ғана орыс және басқа да тілдерде жазу жөніндегі нормалар қолдау  тауып отыр.

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Жандолова «Исатай ауданы бойынша көрнекті ақпарат мәселелері»  тақырыбында баяндама жасады.

Үстіміздегі жылдың 10 айы бойынша аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тіл туралы заңының 21-бабының сақталуынабайланысты түсіндіру жұмыстары ай сайын жүргізіліп, 6 сауда үйі, 17 азық-түлік, 4 дәмхана,1 наубайхана, 3 білім беру ұйымдары, 4 дәріхана, 2 нотариустық кеңсеге көрнекі ақпарат мәтіндерінің, деректемелердің тілдік нормаларға сай, сауатты мазмұнды рәсімделуіне әдістемелік көмек көрсетілген. Сонымен қатар, ауданымыздағы кәсіпкерлік нысандарының иелеріне жарнама құралдарындағы қателіктерді болдырмау үшін аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде call-центр орталығы мамандарынан тегін консультациялық кеңес алуларына болатындығын қаперге берді.

Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Кабдулов бақылау-касса машиналарындағы мәліметтерді мемлекеттік тілге ауыстыру, түбіртектерді мемлекеттік тілде басып шығару бойынша жүргізілгентүсіндірме жұмыстарына тоқталып өтті.

 

1bffe1e1-9980-4096-8112-a0ba6aa14bfd

Жарнамалар, көрнекі ақпараттар басып шығарып, тапсырыс берушілермен тікелей байланысып жүрген

Келесі сөз кезегін алған  жарнама шығарушы мекеме «Азиз» ЖК басшысы Рауан Серік: Ауданда жарнама бағытында оның ішінде ішкі және сыртқы жарнамалар, баннерлер басып шығару, тақтайшалар дайындау тағы да сол сияқты жарнаманың барлық түрінен жұмыс жасаймыз.Бірқатар азық-түлік дүкендері,дөңгелек жөндеу орталықтары (шиномонтаж),құрылыс дүкендері тағы да басқа кәсіпкерлік нысандардың маңдайшаларын дайындап жүрміз.Кейде тапсырыс орыс тілінде беретіндер де бар, бірақ біз заңдылыққа сай қазақ тілі қолданылуы керек екені жөнінде ескертеміз ,егер қажет болса, қазақша баламаларын тауып беруге де қолдан келгенше көмектесеміз, -дейді.

Сондай-ақ жиында қатысушылар ұсыныстары мен сауалдарын да жолдады.Мәселен, Тұщықұдықтық кәсіпкер Қаламқас Жұмағалиева кәсіпкерлік нысанының атауын қазақшаға ауыстыру жөнінде сұрады.

c44807c4-36f7-4414-9a08-a14f48830f36

«Петушок» осы жылдың 1–маусымында, яғни балалар күнінде ашылды. Әзірге іске қосылғаны шағын кафесі, келесі бір жағын азық-түлік дүкені етіп ашу жоспарда бар.Атауымыз бренд болып қалыптасып қалып еді, әйтседе заңшеңберінен аспаймыз.Мемлекеттік тілге ауыстыруды ойлап жүрміз, -деді. 

Көпшілік бас сұғатын, жұрт назар аударатын нысандарда барлық ақпараттар мемлекеттік тілде және заңдылыққа сай болғаны  жөн. Оның үстіне ол қоғамдық қызмет көрсету орнына қойылар атау болса, онда жауапкершілік жүгі арта түсетінін естен шығармағанымыз абзал.Қазақтың атақты ақыны, алаш зиялысы Сәкен Сейфуллин айтып кеткендей «кеңсе тілі болмай – қазақ тілінің көсегесі көгермейді», – деп көсенің көгеруі қазақы тілдік ортаның қалыптасуы,көрнекі ақпараттың сауатты болуы өзіміздің мерейіміз.

                                                                                            Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT