Жас кәсіпкер қайырымдылық шарасын өткізді

Еріктілер жылына орай Исатай ауданының жас кәсіпкері Нұрәділ Қанатұлы бастама көтеріп, аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Biz birgemiz" атты қайырымдылық шарасын өткізді.

"Жалын" мәдениет үйінде өткен шарада көпбалалы отбасылардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар Уолд Диснейдің қазақ тіліндегі мульттоптамаларын тамашалады.

mul17

Арнайы кешке шақыртумен келген балаларға әуелі арнайы аниматорлар киімін киген еріктілер күтіп алып, тосынсый жасады. Шараның ашылуында сөз алған Аққыстау ауылдық округі әкімі Ғаділ Махуұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Махмудақызы кішкентай қонақтарға жылы тілектерін арнап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған қойылымды қызығушылықпен қараған кішкентай бүлдіршіндер еріктілер дайындаған тәтті сыйлықтарды алып, мәз-мәйрам болды. Аққыстаулық "Qolsoz" еріктілер клубының мүшелері де тегін жәрмеңке ұйымдастырып, киімдер таратты.

mult17

- Бұл шараны өткізудегі мақсатым - Исатай ауданында 95 мүгедек бала бар екенін естіп осы балаларды бір қуантсам деген ой болатын. Осы уақытқа дейін жылжымалы кинотеатр жобасын ақылы түрде ұйымдастырып келген болатынмын. 2019 жылдың қорытындысымен ауданның «Жас кәсіпкер» номинациясын алғаннан кейін жастар орталығымен бірлесіп жұмыс жасау бойынша ұсыныстар алдым. Осы шараға атсалысып, қолұшын берген округ әкіміне және жастар орталығындағы ерікті достарыма, құрдастарыма үлкен алғыс айтамын, - деген Нұрәділ Қанатұлы, алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына қолдау білдіретінін жеткізді.

mult171

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521