Жас мерген анықталды

Исатай аудандық білім бөлімі басшысының № 27 бұйрығына сәйкес «БАРЫС» балалар- жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен Президенттік көпсайыс бағдарламасы бойынша және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына байланысты Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп базасында аудандық "Жас мерген" сайысы өтті. Жарысқа Аққыстау орта мектебі, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Өркен  орта мектебі, Новобогат орта мектебі мен Ж.Мырзағалив атындағы орта мектебі командаларынан 40 оқушы мергендер қатысты.

Аталған жарыстың мақсаты  жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, әскери білім бере отырып, ептілік пен мергендікті күшейту.

– «Жас мерген» сайысы тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша нағыз мерген, епті жастар анықталды деп ойлаймын. Жалпы жарысқа қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Әскери бұйрықты орындаулары,киім үлгісі, тәртіптері бәрі сайма- сай. Барлық ұландар аудан мергені атануға құлшыныс танытып, бірінен-бірі озуға барын салды,-дейді «Жас мерген» жарысының бас төрешісі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Мағазұлы.

Жарыс қорытындысы бойынша І орын Аққыстау орта мектебі қанжығаласа,  ІІ орынды  Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі иеленді, ал ІІІ орынға Новобогат орта мектебі табан тіреді. Жарыс жеңімпаздары 17-18 ақпан күндері аралығында өткен облыстық сайыста аудан намысын қорғады.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521