Жас музыканттар жүлделі оралды

Атырау қаласында балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде білім алушылардың ортасында жас музыканттар байқауы өткен болатын.

Байқаудың мақсаты - классикалық және заманауи өнердің үздік үлгілерін меңгеру және орындау арқылы білім алушы тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалар музыка мектептерін және өнер мектептерін дамыту, оларды тәрбиелеу, оқыту және дамытудағы рөлін арттыру.

Оған халық аспаптары бөлімінде оқитын білім алушы жеке орындаушылардың (домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертер, сырнай, балалайка, гитара), қазақ және орыс халық аспаптары ансамбльдері қатысты.

Нәтижесінде Ш.Шәріпов атындағы саз мектебінен қатысқан Н.Жеңіс қобыз аспабынан (жетекшісі Г.Қонарбаева), сырнай аспабынан Ә. Алпысбай (жетекшісі А.Молдағалиева) II-орын алса, «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі З.Насиханова), домбыра аспабынан Ә.Жұмабекова (жетекшісі С.Касанова), Ә.Ғабдіжанов (жетекшісі А.Сұлтанова) А.Қуанышкерей (жетекшісі З.Насиханова, сүйемелдеуші Э. Темірболатова) III орынды иеленді.

Перизат САМИГУЛЛИНА,

Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521