Жас ұрпақ тәрбиесі басты назарда

Түркістан шаһарында өткен Құрылтайдың елiмiз үшін маңызы зор. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ел дамуы үшін нағыз жасалуы керек шараларды шегелеп айтты. Алайда бұл сөздердің іс жүзінде жүзеге асуы үшін жұмыла жүк көтеруіміз шарт.

Ел болам десең бесігіңді түзе дегендей  «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев өте орынды пікір айтты. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс.»,-деп Қ.Тоқаев жас ұрпақтың болашағана аса мән беріп, сапалы,дәйекті дәрістердің берілуін қамтамасыз ету керектігін жеткізді. 
Осы тектес түрлі тақырыптар қозғалып, көптеген мәселелер тарқатылды. Олар оң шешімін табады деген сеніміміз мол.

 

Нұрым Мусин 
Исатай аудандық мәслихат төрағасы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT