Жас сарбаздар ант қабылдады

Аққыстау орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Жас сарбаз» сыныбының ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Исатай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, капитан Дәрмен Айдарұлы, білім бөлімінің әдіскері Мырзахмет Нұрқуатұлы, «Барыс» клубының директоры Асхат Жұмабекұлы қатысты.

antt

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн» деген болатын. Сол мақсатта республика көлемінде «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы құрыла бастады.

Ауданымызда да мектеп директорының бұйрығымен арнайы жас сарбаздар сыныбын ұйымдастыру қолға алынды. Олар ата-аналарының келісімдерімен 3 ай спорттық сынақтан өтіп, денсаулықтарының жарамдылықтары тексеріліп, барлығы 21 бала аталған сыныпқа қабылданды. Аудан бойынша бұл үрдіс тек біздің мектепте ғана бар. Олардың бір ерекшелігі - барлығы бір сыныптың оқушылары, - дейді Аққыстау орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурия Хайдар.

Жас сарбаздар осы уақыттан бастап жүктелген міндет пен тапсырмаларды мүлтіксіз орындауды, сабақтарын жақсы оқуға ант етті.

Ант қабылдаған оқушылар саптық қойылым мен кадет вальсін орындап, автоматты шашып, қайта жинаудан да шеберлік танытты.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521