ЖАС СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАП ТҰР

Қаңтар айының 9-11 күндері аралығында Атырау қаласында қазақ күресінен 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан республикасының чемпионатына іріктеу біріншілігі өтті. Бұл облыстық додаға барлық аудандар мен қаладан спорт мектептері шәкірттері белсене қатысты.

Жалпы күрес жылдамдық, ептілік, күш және айла-тәсілдердің кең диапазонды қимыл-қозғалысымен қызықты. Сондықтан да оның адамның көңіл-қуанышын арттыратын, қанын қыздырып, ерлікке, елдікке баулитын қасиеті бар. Осы жолы да ауданымыздан барған жас өрендер ептілік пен айла-тәсілдерді өз орнымен қолдана білді. Нәтижесінде олар ауданның абыройын тағы бір мәрте асқақтатып, ұстаздарының еңбегін ақтады.

Іріктеу сыны қорытындысына тоқтала өтсек, балғын палуандарымыз Ғабит Ғибрат (50кг), Жұмабай Шыңғысхан (55кг), Қадыржан Мұхаммедали (55кг), Самат Шыңғыс (70кг)  3-орын иеленсе, Сағидолла Бекасыл (46кг), Айбек Абзал (46кг), Жұмабек Нұртөре (55кг), Уалижан Арсен (65кг), Серікболатұлы Дамир (65кг) 2-орынды қанжығаларына байлады. Өте тартысты өнер көрсетіп, жауырыны жерге тимеген жас палуандарымыз Ғайнеден Дидархан (50кг) мен Сапарғали Олжас, Ғайнеден Дидархан жүлделі 1-орынмен оралды. Айта кетейік, бұл жас спортшыларды үлкен дайындықпен бәйгеге қосып жүрген Ғалымұлы Аманжол, Қадыржан Дәулет, Ризуанов Асхат, Лесов Азамат, Мұсағалиев Үмбет сынды жаттықтырушылардың еңбегі зор.

ce7867ab-fd0e-4448-b61e-ddeb0a248944

Біріншілік нәтижесінде Сағидолла Бекасыл, Айбек Абзал, Жұмабек Нұртөре, Уалижан Арсен, Серікболатұлы Дамир, Сапарғали Олжас, Ғайнеден Дидархан ақпан айының 4-9 аралығында Абай облысы, Семей қаласында өтетін  республика чемпионатына жолдама алды, -дейді Үмбет Мұсағалиев бізбен болған әңгіме барысында.

Алдағы өтетін ел біріншілігінде облыс құрама командасында күресетін жас спортшыларға жеңіс тілейміз.

 

                                                                                          Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521