Жас веб-редактор алғашқы марапатқа ие болды

 

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ерәлі Бижанов өңірдегі журналистермен кездесті.

Кездесу барысында мектеп басшысы білім мен ақпарат саласы арасында алтын көпір болып жүрген журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

— Сіздер – халық пен шындықтың, білім мен бұқараның арасын жалғап жүрген рухани тірексіздер. Қашан да қаламдарыңыз ұшқыр, ойларыңыз орамды болсын,-деді Ерәлі Бижанов өз құттықтауында.

 

 

Сондай-ақ, кездесуге қатысқан өңір журналистері қатарында жергілікті Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің веб-редакторы Әсел Табиғатова да болды. 

Биыл ғана жұмысқа орналасқан жас маман өнімді еңбегімен көзге түсіп, кәсіби мерекеге орай марапатқа ие болды. 

-Мен үшін бұл күтпеген марапат болды. Осындай марапаттар біз секілді жастарға үлкен жауапкершілікпен қатар, ерік-жігер, шабыт сыйлайды. Алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтижелерге жетуге ұмтыламын,-деді Әсел Табиғатова әсерімен бөлісіп.

 

 

Бұл – оның журналистика саласындағы алғашқы қадамына серпін берер зор жетістік екені сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT