Жасақшылар оқып-жаттықты

Жайдары жазда да жазатайым оқиғалар болмай тұрмайтыны белгілі.

Соның бірі – күннің ысуымен қаупі күшейе түсетін өрт оқиғалары. «Сақтықта қорлық жоқ», оның алдын алу бағытында жыл сайын қолға алынып жүрген шара сол бағыттағы оқу-жаттығу жиындары. Аудан әкімінің орынбасары Е.Абилхасимов бекіткен аудан көлемінде құрылған ерікті өрт сөндірушілермен оқу-жаттығу өткізу жоспары басшылыққа алынған осынау дәстүрлі шара өткен бейсенбіде Исатай ауылдық округінде ұйымдастырылды. Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларына сәйкес өрт сөндіру жасағының дайындығын арттыру мақсат тұтылған шара аталған ауылдық округтің ерікті өрт сөндіру жасағы құрамының қатысуымен өтті. - Оқу-жаттығу барысында жасақ құрамы мен бейімделген топқа қауіпсіздік Ережесі нұсқаулығы өткізіліп, дала өртін сөндіру, алдын алу және жоюда атқаратын іс-шаралар жоспары жасақталды.

Жаттығуға округ аумағында орналасқан мекемелерден меншік түріне қарамастан 2 бірлік су таситын, 1 ваккум, 2 «КамАЗ», 1 жүк, 1 адамдар таситын, 1 жедел жәрдем автокөліктері, 2 бірлік күрегіш тракторы және «Семсер» ЖШС өрт сөндіру автокөлігі жұмылдырылды,-деді бізді шараның жүру барысынан құлағдар қылған аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Нұрасбек Бозбалиев. Жаттығу барысында 30 ерікті өрт сөндіру жасақшысы арнайы киімдермен, өртке қарсы құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен, 1 дабылқаққыш, 4 дүрбімен де қамтылулы. Далалық жайылымында өрт оқиғасы орын алған елді мекеннің карта схемасы да жасақталған жиында шеберлік пен белсенділік көрсеткендер ауылдық округ әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521