Жасампаз істер жалғаса бергей

Тәуелсіздіктің елең-алаңында КСРО дейтін алып империядан өз еншісін алып, қиын-қыстау кезде биліктің екі шылбыр, бір тізгінін қолына алып, қысқа мерзім ішінде экономикалық секірістер жасап, саяси да, зайырлы да, құқықтық және табанды армиясы бар, әлем таныған мемлекет құрған Қазақ елінің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы қандай жағымды сөз айтсақ та жарасады. Сөз жоқ, ол кісінің еңбегі ұшан-теңіз.

Дүниежүзі елдері ішінде жаңадан астана салған елдер аз. Сонау 1997 жылы қазынаның түбі әлі майланбай тұрғанда-ақ саясаттың сиқы мен елдегі ұлттық қарым-қатынасты терең меңгере біліп, Жетісудан Арқаға ел қондырып, су жаңа елорда тұрғызу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. Осы үшін де келер ұрпақ Назарбаев феноменіне алғыс айтады.

Осы жылдар ішінде ата-бабаларымыз сауда-саттық жасап, алыс-жақын шетелдермен алыс-беріс жүргізген Ұлы Жібек жолын жаңғырттық. Бүгінде соның арқасында Қазақ елі транзиттік хабқа айналды. Біз арқылы дамыған елдердің өзі жүк тасымалдайды. Бұл да болса дер кезінде жүргізілген сарабдал шешімдердің арқасы деп білемін.

Әрине, бір сөзбен Нұрсұлтан Назарбаев атқарған істерге баға бере алмаспыз. Оны кәрі тарих өзі-ақ ертеңдері айқындай жатар. Дегенмен де, Қазақстан үшін алғашқы Президентінің орны әрқашан ерекше болары сөзсіз. Ендігі жерде басталып қойылған және елде жүріп жатқан көптеген оңды істерді әрі қарай жалғастырып, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтай отырып, «Мәңгілік ел» болу жолында жасай беруіміз керек. Сонда ата-бабаларымыз арман еткен, мақсаты анық, мұраты айқын, жетістігі мол Қазақ елінің келешегі зор болмақ!

Айбатыр БЕКІШҰЛЫ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521