Жасанды интеллектіні ауыл шаруашылығында қолдану — заманауи агросаланы дамытудың маңызды бағыты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы жерлерін спутник арқылы бақылау технологиясын енгізу — саланың тиімділігін едәуір арттырады.
Бұл әдіс арқылы жердің құнарлылығы, топырақтың ылғалдылығы, дақылдардың өсу жағдайы мен өнімділік деңгейі нақты әрі жедел анықталады.
Жасанды интеллект үлкен көлемдегі деректерді талдап, қай аймақта қандай дақыл егілгенін, оның өсу барысын, қандай агротехникалық шаралар қажет екенін автоматты түрде ұсына алады. Бұл фермерлер үшін уақыт пен ресурсты үнемдеудің озық үлгісі.
Сонымен қатар, осындай жүйе арқылы өнімді болжау, зиянкестердің таралуын ерте анықтау, тыңайтқыштарды нақты әрі орынды қолдану мүмкін болады. Жалпы, бұл тәсіл ауыл шаруашылығында ашықтықты, тиімді жоспарлауды қамтамасыз етіп, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

