Жасанды интеллект дәуіріндегі білім берудің жаңа белесі

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуы үшін адами капиталды арттырудың маңызын ерекше атап өтті. Бұл ретте білім беру жүйесінің рөлі айрықша.

Жасанды интеллект дәуірінде оқушылар мен жастарға тек теориялық білім жеткіліксіз, оларды жаңа заманның талабына сай етіп тәрбиелеу, сыни ойлау қабілетін, цифрлық сауаттылығын дамыту – негізгі міндеттердің бірі. Президент айтқандай, жаңа технологияларды меңгерген, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ ғана Қазақстанды ілгері бастыра алады.

Сондықтан ұстаздар қауымына, оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Жолдауда белгіленген бастамаларды жүзеге асыру – әрбір білім саласында еңбек етіп жүрген жанның ортақ міндеті. Бұл бағыттағы реформалар елімізді өркендетіп, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз.

 


Ақтолқын Шайхықызы,
Исатай аудандық оқушылар үйінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT