Жасанды интеллект дәуіріндегі білім – болашақтың кілті

 

8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Ел дамуының жаңа бағытын айқындаған бұл құжат барша қоғамға серпін беріп, болашаққа деген сенімді нығайтты.

Президент Жолдауында еліміздің экономикалық қуатын арттырумен қатар, ең басты байлық – адам капиталын дамытуға айрықша мән берілді. Әсіресе білім беру саласын жаңғырту, жасанды интеллектіні мектеп бағдарламасына енгізу, ұстаздардың біліктілігін көтеру – уақыт талабынан туындаған өзекті міндеттер. Жас ұрпақтың цифрлық сауатын арттыру арқылы Қазақстанды жаңа дәуірге бастау – Жолдаудың негізгі өзегі болып отыр.

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп ұжымы да бұл бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Біз үшін Мемлекет басшысының әр сөзі – бағдаршам іспетті.
– Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды заманауи цифрлық ортаға бейімдеу – келешекке жасалған сенімді қадам. Президент тапсырмалары оқу-тәрбие жұмысымыздың басым бағытын айқындап берді.
– Мұғалімдердің жасанды интеллектті меңгеруі – олардың кәсіби дамуына тың серпін береді. Бұл бағытта біз ұстаздарды жүйелі түрде оқыту, тәжірибелік машықтандыру жұмыстарын жолға қоямыз.
– «Qazaq Digital Mektebi» платформасы ауылдағы білім сапасын көтеріп, барлық оқушылар үшін тең мүмкіндік жасауға зор ықпал ететініне сенімдіміз.

Сонымен бірге, Жолдауда көтерілген балаларды дамыту орталықтарын ашу, ғылым-білім мен инновацияны біріктіру, бұқаралық спортты өркендету бастамалары да біздің ұжым тарапынан қолдауға ие. Өйткені мұның бәрі – ұрпақтың жан-жақты дамуына, елдің рухани және физикалық әлеуетінің артуына қызмет етеді.

Президент ұсынған жаңа міндеттер – еліміздің ертеңіне деген сенімді күшейтіп қана қоймай, біз ұстаздар қауымына да үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз осы сенімге лайық болып, жас ұрпақты жаңа ғасыр талабына сай тәрбиелеуге, білім көкжиегін кеңейтуге, елдің жарқын болашағына үлес қосуға аянбай еңбек етеміз.

 

Жасұлан АЛИПОВ,
Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп директоры
Тұщықұдық ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT